The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Самал-3 шағын ауданындағы Ізгілік көшесінен Юсупов көшесіне дейінгі аралықтағы Тыңдала көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Асфальт жабындысы төселетін көше ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар, Қазақ ордасы, Алмалы бақ және Мәңгілік ел көшелерінде жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жалпы биыл Самал-3 шағын ауданында 25,2 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда.

Айта кетейік, шағын ауданда 2025 жылға Төлепбергенов, Алтынбастау, Ештай ата, Арайтаң, Әлменов, Ақтасты, Тәуекел хан көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Рэпер Скриптонит Алматыдағы концертін Қаңтар құрбандары мен Украинада қаза болғандарды еске алудан бастады

admin

ТҮРКІСТАН: «ақылдыммен ақылдымын» байқауы қазығұрт ауданында жалғасты

admin

Түркістанда футболшыларды тәрбиелеумен қатар, оларды әлемдік футбол лигаларына шығару үшін көзделіп отыр

admin