20 миллионнан кейінгі серпіліс: Қазақстан халқы қаншаға жетті?

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны жайында мәліметті жариялады. Бұл ақпарат бюроның ресми сайтында шықты.
1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен, — деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен болатын.








