The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер өседі

 2026 жылы еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер көбейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет 2025 жылғы 17 желтоқсанда «2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» қаулыны бекітті.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу жағдайларына арналған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынып отырған төлемдер көлемінен 10 пайызға арттырылады, — деп жазылған құжатта.

Өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Өсім келесі жағдайларға арналған

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдеріне қатысты:

— еңбекке жарамсыздық

— асыраушысынан айырылу

Маңызды:
— өсім 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған төлемдерге қолданылады
— қайта есептеу ағымдағы төлем мөлшерінен +10% құрайды

Бұл дегеніміз, төлем алушылар қосымша өтініш бермей-ақ 1 қаңтардан бастап төлемдерді көбейген мөлшерде ала бастайды.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Мұрат Әйтенов онлайн режимде тұрғындарды кезекті рет қабылдады

admin

Оқу-ағарту министрі хиджабқа қатысты сұраққа нақты жауап берді

admin

+30: Қазақстанда күн күрт жылынады

admin