25 ақпанда елордалық оқушылар онлайн оқиды

Ертең Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 24-26 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының күрт суытады.