The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

-27°С Астанада, +10°С Алматыда: Синоптиктер үш күндік ауа райын болжады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11, 12 және 13 ақпан күндеріне Астана мен Алматы қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанадағы ауа райы қандай болады?

11 ақпан – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, көктайғақ. Боран соғады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -13…-15°С, күндіз біртіндеп төмендейді.

12 ақпан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс желі 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°С, күндіз -17…-19°С.

13 ақпан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -25…-27°С, күндіз -13…-15°С.

Ал Алматыда күн райы қалай болжанып отыр?

11 ақпан – құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кешке әлсіз тұман. Оңтүстік-шығыс желі солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +8…+10°С.

12-13 ақпан – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз 0…+2°С.

Еске салсақ, «Қазгидромет» РМК мамандары 10, 11 және 12 ақпанға ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, боран, көктайғақ, бұршақ, қатты жел болады. Кезең соңында антициклон келіп, солтүстік пен орталықта аяз -30 градусқа дейін күшейеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстандағы интернет сапасы Жапониядан жақсы». Бұл қаншалықты рас?

admin

Жетісуда жер қойнауын тиімсіз пайдаланғандар жазаланды

admin

Түркістан: жастар қарттардың ауласын қардан тазалап, коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық тағам таратты

admin