The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

57 мың гектар аумақта су үнемдеу технологиялары қолданылуда

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің халықпен кездесулері жалғасуда.

Бұл жолы аймақ басшысы Талас ауданы Қаратау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Басқосуға құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Қаратаулықтар елді мекендегі көшелерді жөндеу, ауылға келетін жолды асфальттау, спорт кешенін салу, жедел жәрдем көлігінің ескіргенін, “Ауыл аманаты” жобасына ену, газдандыру, сапасыз жүргізілген ауыз су жүйелерін реттеу, суармалы су секілді бірқатар мәселелерді көтерді.

 Нұржан Нұржігітов сұрақтарға облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып жауап беріп, барлық көтерілген мәселелер ескерілетіндігін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Ойын алаңшасына төселетін резеңке төсеніштер Шымкентте шығарылады

admin

Келес ауданындағы шалғай елді мекендерде медициналық нысандар салынуда

admin

Түркістан: Бәйдібек ауданында ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

admin