8 млн-нан астам азамат дауыс берді: Өңірлердегі жаңа көрсеткіштер жарияланды

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова 16:00-дегі ақпарат бойынша референдумға келушілерге қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың дауыс беру учаскелеріне келуі мынадай болды.

Абай облысында – 69,29%, Ақмола облысында – 71,33%, Ақтөбе облысында – 77,65%. Алматы облысында – 68,23%, Атырау облысында – 64,33%. Батыс Қазақстан облысында – 60,61%, Жамбыл облысында – 70,31%.

Жетісу облысында келу деңгейі 68,50% болса, Қарағанды облысында – 72,63%, Қостанай облысында – 70,96%. Қызылорда облысында – 82,02%, Маңғыстау облысында – 68,19%.

Павлодар облысында – 68,41%, Солтүстік Қазақстан облысында – 60,70%. Түркістан облысында – 72,3%, Ұлытау облысында – 66,50%, Шығыс Қазақстан облысында – 78,98%.

Астана қаласында дауыс беруге келгендердің үлесі 47,76%-ды құрады. Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, 28,16% болды. Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 72,61% деңгейінде қалыптасты. Жалпы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республикада 8 029 286 азамат бюллетень алған. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 64,43%-ына тең, — деп атап өтті Әсел Жанәбілова.

Айта кетерлігі, сонымен қатар Астана уақытымен сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк және Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны хабарланды.

Дауыс берушілердің келуі туралы келесі мәлімет сағат 18.00-де жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін референдумда сағат 10.00-ге дейін қазақстандықтардың 19,21%-ы дауыс берді.

Ел бойынша сағат 12.00-де 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады.

Сондай-ақ сағат 14.00-де келушілер көрсеткіші 51,93%-ға жетті.