The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Абай облысында су басуы мүмкін ауылдарда тиісті шаралар қолға алынды

 Абай облысының Мақаншы ауданындағы Бақты ауылындағы жағдай бойынша төтенше жағдайдың алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Мақаншы ауданының Бақты ауылында жергілікті атқарушы органдардың күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде, атап айтқанда 300-ден астам қаптар төселді, бөгет жағалауы бойымен 400 тоннаға жуық көлемде инертті материалмен үйінді жүргізілді.

Су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда мониторинг және жедел әрекет ету үшін Абай облысының ТЖД жеке құрамның 12 адамы, 7 бірлік техника (жүзу құралдары мен мотопомпалар) күштер мен құралдар орналасқан.

Оқиға орнында ЖАО-дан 40-тан астам адам, жергілікті халықтан 70-ке жуық адам және 18 бірлік техника жұмыс атқарып жатыр.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ екені айтылып, төтенде жағдай бақылауға алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 300 жас жалдамалы тұрғын үймен қамтылды

admin

4 күн бұрын жоғалған ресейлік туристің денесі табылды

admin

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

admin