The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

АЭС бойынша референдум қашан өткізіледі? — министр жалған ақпарат туралы айтты

 Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС бойынша өтетін референдум қатысты жалған ақпарат тарағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ беттерінде әрдайым «Сәтқалиев референдум осы кезде өтеді деп айтты» деген ақпарат жиі жарияланады. Сол басылым ресми түрде кешірім сұрауы тиіс деп санаймын! Себебі мен «заңнамаға сәйкес» деп сөйлеп, халықтың талабы мен жігері ескерілетінін айттым. Мемлекет басшысы бұл бағытта саяси шешім қабылдады. Біз соған сәйкес, референдум өткізумен айналысамыз, – деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ресейлік ТАСС басылымына берген сұхбатында Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдум жыл соңына қарай өтуі мүмкін екенін айтқан.

Ұқсас жаңалықтар

ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында Түркістан облысындағы энтосаралық ахуал талқыланды

admin

Отырар: «Тіл ғұмыры — ұлт ғұмыры» атты мерекелік кеш өтті

admin

Сайрам ауданында жер түгендеу жұмыстары жалғасады

admin