The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы әкімі экономиканың негізгі салаларын дамытуға арналған 8 жобаны қарады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық штабтың отырысын өткізді.

Отырыста қаланың негізгі экономикалық салаларын дамытуға бағытталған 8 жоба қаралды. Жобалар фармацевтика, құрылыс, туризм, халық тұтынатын тауарлар өндірісі, IT және цифрландыруды қамтиды.

Қала басшысы индустриялық аймақтарда іске асырылатын жобаларды іріктеу кезінде жоғары қосылған құнға ие, экспорттық әлеуеті бар және инновациялық технологияларды енгізетін бастамаларға басымдық берілуі тиіс екенін атап өтті.

«Әрбір инвестициялық жоба Алматыға тек экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, айқын әлеуметтік әсер беруі керек – өндірісті дамытуға, салық түсімдерін арттыруға және қала тұрғындары үшін жұмыс орындарын ашуға ықпал етуі қажет. Біздің мақсатымыз – берілген әрбір жер учаскесі қаланың және оның тұрғындарының игілігіне жұмыс істеуі», – деп атап өтті әкім.

Ұқсас жаңалықтар

Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады

admin

ШЫМКЕНТ: Шалғай орналасқан ауданға жоғарғы жылдамдықты талшықты оптика желісі тартылды

admin

Түркістан: облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет жеке қабылдау өткізді

admin