The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматы автобустарында жолақысын төлеудің жаңа тәсілі енгізілді

 Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі іске қосылды. Енді автобус төлемін елдегі танымал банктердің бірінің QR-коды арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы автобустарында банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасау 2021 жылы енгізілгенімен, көп ұзамай одан бас тартылған еді. Жалғыз оператор – “Алматы көлік холдингі” платформаларды біріктірудің мүмкін болмауын және жолаушылар ағынын есептеудегі қиындықтарды алға тартқан.

Енді жолаушылар автобустағы QR-кодты Kaspi қосымшасы арқылы сканерлеу немесе көлік кодын қолмен енгізу арқылы жолақы төлей алады. Сонымен қатар, бұрыннан бар төлем құралдары – көлік карталары, мобильді қосымша және басқа да тәсілдер қолжетімді болып қала береді, – деп хабарлады холдинг.

Жолақы төлеудің жаңа тәсілі 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді. Қолма-қол ақшамен төлеу 2024 жылдың жазында қауіпсіздік мақсатында ресми түрде тоқтатылған болатын, себебі жүргізушілер ақша қабылдау кезінде алаңдайды.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам: аудан әкімінің орынбасары көлкент ауылдық округіндегі инфрақұрылым жүйелерінің жұмысымен танысты

admin

Жетісай: бөлімге жаңа басшы тағайындалды

admin

Түлкібас: әкім мен халық арасындағы диалог

admin