The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматы қалалық туризмнің халықаралық деңгейдегі көшбасшысы ретінде танылды

Алматы қаласы Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі OTM Mumbai 2026 көрмесіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көрмеде туроператорлар, әуе тасымалдаушылар, қонақ үй брендтері мен ұлттық туристік кеңселерді қамтыған әлемдік туристік саланың негізгі өкілдері бас қосты.

Көрме барысында Алматының туристік әлеуеті заманауи дизайн мен ұлттық нақышты ұштастырған стенд арқылы таныстырылды. Экспозицияда қазақтың дәстүрлі мәдени элементтері, ұлттық ою-өрнектер және заманауи мультимедиялық шешімдер үйлесім тапты. Көрме қорытындысы бойынша Алматы стенді «Қалалық туризмді үздік таныстырғаны үшін» марапатына ие болды. Бұл қаланы халықаралық нарықта таныстыру жұмысының тиімділігін және шетелдік аудиторияның жоғары қызығушылығын көрсетті.

OTM Mumbai 2026 аясында Алматы делегациясы жетекші туроператорлармен, әуе компаниялармен және халықаралық қонақүй желілерімен 100-ден астам B2B кездесу өткізді. Келіссөздер шетелден келетін туристер санын арттыруға, жаңа туристік бағыттар мен өнімдерді дамытуға, сондай-ақ халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталды. Әсіресе, болашағы зор үнді нарығына басымдық берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық шаруалар мемлекеттік қолдаумен техникаларын жаңартып жатыр

admin

Түркістан облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

admin

Түркістан әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдады

admin