The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы-Қонаев тас жолындағы өрттен кейінгі ауа сапасы тексерілді

Алматы–Қонаев автожолының 35-шақырымындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртке байланысты жақын маңдағы елді мекендерде ауа сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15-16 қыркүйек күндері 288 сынама алынып, олардың бір бөлігінде шекті мәннен асып кеткен көрсеткіштер анықталды. Осыған орай тұрғындарға, әсіресе балалар мен қарттарға және тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы бар адамдарға алдын алу шараларын сақтау жөнінде нұсқаулық берілді.

17 қыркүйекте сол нүктелерде жүргізілген қайта тексерулер нормаларға сай нәтижелер көрсетті. Қазіргі таңда ауа сапасы желдің бағытына байланысты тұрақты түрде қадағалануда.

Маңыздысы, 15-17 қыркүйек аралығында улану жағдайлары тіркелмеген және медициналық мекемелерге шағымданғандар болмаған. Зардап шеккендер жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қала халқын құлақтандыру жүйесін 141 құрылғы қамтамасыз етеді

admin

Бостандық ауданындағы 67 үйдің қасбеті қалалық бағдарлама аясында жөнделеді

admin

Глава и актеры шымкентского русского драматического театра участвуют в съемках казахстанского сериала о маньяках «5:32»

admin