The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатында екі адам қаза тапты

 Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында қайғылы оқиға болды. 13 қазанға қараған түні шамамен 00:30 кезінде «ВАЗ» және Hyundai Grandeur маркалы екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полицияның алдын ала мәліметінше, «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығар кезде басты жолмен келе жатқан көлікке жол бермеген.

«Жол апаты салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші көліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Алматы облыстық ПД.

Әлеуметтік желіде Hyundai көлігінің рөлінде кәмелетке толмаған жасөспірім болған болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бірақ, ол ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қайрат Омаровқа БҰҰ-ға қатысты бірқатар міндет жүктеді

admin

Түркістан қаласының полицейлері жол белгілері мен таңбаларды орнату жұмыстарын жүргізді

admin

20 млн теңге шығын: Қарағанды облысында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

admin