The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы мен Қаскелең арасындағы кептеліс қашан шешіледі?

Алматы мен Қаскелең арасындағы бірнеше шақырымдық кептелістер шешілуі үшін “Алматы – Бішкек” тасжолының бір бөлігі кеңейтілмек, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

“ҚазАвтоЖол” мәліметінше, күн сайын Алматыға 400 мыңға жуық көлік кіреді. Соның салдарынан қалаға кіреберіс жерлерде ұзын-сонар кептелістер пайда болады. Ең күрделі учаскелердің бірі – “Алматы – Бішкек” автожолы, әсіресе Қаскелең мен “Алтын Орда” ауданы арасы.

Қазіргі уақытта жол апаттарын азайту және кептелістерді төмендету мақсатында республикалық маңызы бар “Алматы — Бішкек” автожолының 19–27 шақырымдық бөлігіне (Қаскелең — Үлкен Алматы айналма жолы) күрделі жөндеу бойынша жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында проездік бөлік 4 жолақтан 8 жолаққа дейін кеңейтіледі, “таға” типіндегі екі көлік айырымы және жаяу жүргіншілерге арналған үстінен өтетін көпір салу көзделген, – деді “ҚазАвтоЖол” өкілдері.

Жобалық-іздестіру жұмыстары 2025 жылдың желтоқсанында аяқталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы 2026 жылдың ақпанында алынбақ.

Егер 2026 жылға қаржыландыру бөлінсе, құрылыс-монтаж жұмыстарына мердігер ұйымды анықтау үшін тендер жарияланады. Құрылыс кезінде қозғалыс толықтай жабылмайды, көліктердің жүруі кезекпен бір бағытта ұйымдастырылады, – дейді жауаптылар.

Сондай-ақ “ҚазАвтоЖол” өкілдері кептелістерді азайту және қозғалысты реттеу мақсатында жаңа бағдаршамдар орнату жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін астаналықтардың кептеліске қанша уақыт құртатынын жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Салық салудың өзекті мәселелері талқыланды

admin

БҚО-да тәуелсіз бақылаушылар ауыл әкімі сайлауын өтпеді деп тануды талап етті

admin

Жаһандық бидай тапшылығы болуы мүмкін

admin