The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматы музейінде «Ғасыр жасаған Ұлт театры» көрмесі ашылды

Алматы музейінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай «Ғасыр жасаған Ұлт театры» атты көрме салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Көрмеде Алматы музейі мен М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры музейінің қорынан алынған театр тарихына қатысты бірегей архивтік құжаттар мен фотосуреттер, 1940 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі спектакль афишалары ұсынылды.

Әсіресе, қазақ театр өнерінің көрнекті майталмандары киген сахналық костюмдер ерекше назарда. Атап айтқанда, А.Молдабековтің «Ваня аға» спектакліндегі, Ш.Жандарбекованың «Ақан сері – Ақтоқты» қойылымындағы, З.Шәріпованың «Отелло» спектаклінде Дездемона рөлінде киген, сондай-ақ Т.Жаманқұловтың Абылай хан бейнесіндегі сахналық киімдері және басқа да құнды экспонаттар көрмеге қойылды.

Көрменің негізгі мақсаты – ғасырлық тарихы бар ұлттық театрдың шығармашылық жолын кеңінен насихаттау, көрерменді қазақ театр өнерінің даму кезеңдерімен таныстыру және жас ұрпақтың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Көрменің ашылу рәсіміне Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, шығармашылық интеллигенция, өнер қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрме ақпан айының соңына дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «I-kolik» қосымшасы мен avtopark-shymkent.kz сайты іске қосылды

admin

«Алматыға ескі көліктер кіргізілмейді»: эколог неге шектеулер енгізілуі керектігін айтты

admin

Түркістан қаласында 150-ден астам көшені жөндеу жоспарланып, 30 көшеде жұмыстар басталды

admin