The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматы облысында 150 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті Қонаев қаласы әкімдігінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған жер телімдерін беруге қатысты мәселелер негіз болды.

Тексеру барысында жалпы аумағы 150 гектар жер телімі тұрғын-ойын-сауық кешенін және зоологиялық паркті орналастыруға берілгені анықталды.

Алайда жер беру кезінде Жер кодексінің талаптары бұзылған. Атап айтқанда, жер телімін бөлу қала бас жоспарының ережелеріне қайшы келген.

Қонаев қаласы әкімдігіне берілген нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған.
Осыған байланысты прокуратура Қонаев қаласының сотына талап арызбен жүгінді. Сот талқылауы барысында Жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдері үшінші тарап ретінде қатысып, анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірме берді.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот талап арызды толық қанағаттандырды. Сот шешімімен коммерциялық мақсаттағы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан бысында «Орталық» қосалқы станция пайда болды

admin

ҚР президентінің кеңесшісі Түркістандық жастармен кездесті

admin

Түркістан облысында 300-ден астам білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

admin