The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматы облысында әйел перзентхананың үшінші қабатынан секіріп кеткен

Алматы облысында босануға келген әйел перзентхананың үшінші қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңдегі перезентханада болған. Оның мұндай қадамға баруына операцияның сәтсіз жасалуы себеп деген болжам бар. Өйткені ол осымен үшінші рет құрсағындағы баласынан айырылып отырған көрінеді. Тіпті қасындағы медбике де ұстап қала алмаған.

Әйел үшінші қабаттан құлады. Жағдайы бірқалыпты. Үш рет жүкті болған, үшеуінде де сәтсіз аяқталған. Бірінші баласын ішінде жоғалған. Екінші баласын ЭКО-мен көтерген. Жүктіліктің 26 аптасында құрсағындағы сәбиі шетінеп кеткен. Бұл жолы жоспарлы ота жасалды. Үш рет сәбиін жоғалту оңай емес. Терезеден секіргенде жанында медбике болған, дәрісін беріп жатқан. Итеріп жіберіп, секіріп кеткен,  — деп келтіреді azattyq-ruhy.kz мекеме дәрігерінің сөзін.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: До 2025 года планируется построить 72 школы

admin

Тамыз кеңесі: Кентауда жаңа оқу жылында жаңа нысандар пайдалануға беріледі

admin

Референдумда ең дұрыс шешім қабылданады

admin