The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы облысында мал ұрлағандар ұсталды

 Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында мал ұрлығының бірқатар дерегі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбекшіқазақ ауданында полиция қызметкерлері адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған мал ұрлығының бірқатар дерегін ашты. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақши ауылының 20–25 жас аралығындағы төрт тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар малды заңсыз атып, кейін етін бөлшектеп, қылмысты жасыру мақсатында етін әкету әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу барысында аталған заңсыз әрекеттер жергілікті тұрғындар арасында кең қоғамдық резонанс тудырғаны анықталды. Тінту жүргізу кезінде Ақши ауылының үйлерінің бірінен аңшылық қару және бөлшектелген жылқының еттері табылып, тәркіленді. Айғақ заттар қылмыстық істің материалдарына тіркеліп, ет заңды иесіне қайтарылды.

Жәбірленушілер полиция қызметкерлерінің жедел жұмысына ризашылықтарын білдіріп, құқық қорғау органдарына алғыстарын жеткізді. Аталған қылмыстық істің тергелу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Run for Autism: Астанада 5 мың адам қатысқан қайырымдылық жарыс өтті

admin

Елде «А» тұмауы тіркелді: Мамандар ауру белгілерін атады

admin

Пострадавшим от финпирамид казахстанцам вернули 2,3 млрд тенге

admin