The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы тауларында аяғын жарақаттаған шетелдік турист құтқарылды

Алматы тауларында құтқарушылар «Пионер» шыңынан шетелдік турист әйелді эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, «Пионер» шыңынан түсу кезінде туристік топ мүшелерінің бірі аяғынан жарақат алып, өз бетінше қозғала алмады. Топ жетекшісі оқиға туралы хабар бергеннен кейін оқиға орнына «Тұйық-Су» бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылар экипажы жіберілді.

Құтқарылған жағдайы тұрақты болғанымен, оң аяғында қатты ауырсыну сезімі бар екенін айтты. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тау бөктеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырды.

Зардап шеккен әйел 1990 жылы туған Израиль азаматы болып шықты. Медицина қызметкерлері оған өкше сүйегінің жабық сынығы диагнозын қойып, қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда қандай азық-түлік арзандады?

admin

Қазақстанда жолдар жаппай жабылды: Қолайсыз ауа райы қозғалысты тежеді

admin

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен кездесті

admin