The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы тауларында Қатардан келген турист жарақаттанды

 Алматы тауларында жарақат алған шетелдік туристке көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жарақаттанған шетел азаматшасын ТЖМ құтқарушылары эвакуациялады.

Алматы қаласының Бостандық ауданында, Алма-Арасан шатқалында (теңіз деңгейінен 1780 метр биіктікте) турист әйел аяғын жарақаттап алып, шұғыл қызметтерден көмек сұрады. Құтқарушылар оқиға орнына жедел шықты. Алма-Арасан шатқалына жеткен соң олар 1966 ж.т. Қатар Республикасының азаматшасын зембілдің көмегімен қауіпсіз түрде экопостқа дейін жеткізіп, сол жерде күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Бір тәулік ішінде 5047 адам вакцина алды

admin

Түркістан төрінде кітапхана саласының майталманы Бақытжамал Оспановамен кездесу өтті

admin

Кентау: қала әкімі Жандос Тасов іс-сапармен байылдыр ауылында болды

admin