The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматы Түркі әлемінің жастар астанасы атанды

Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының IV Халықаралық жастар фестивалі салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев және Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.
Аида Балаева Мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді. Онда Алматының «азаттықтың алтын бесігі және түркі әлемінің рухани ордасы» екені атап өтілді.
Сонымен қатар қалаға «Түркі әлемінің жастар астанасы – 2025» мәртебесі берілді.
Дархан Сатыбалды бұл үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік екенін атап өтіп, қаланың жастар саясатын дамытудағы белсенді рөлі мен түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады.
Салтанатты рәсім қазақстандық өнерпаздардың концертімен аяқталды. Жыл бойы Алматыда жастар кемпингі, «Digital Turkic Youth» форумы, «Жайдарман fest» фестивалі және басқа да іс-шаралар өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібас: Састөбе кентіндегі қос білім мекемесі ағымдағы жөндеуден өткен

admin

Шымкенттен алғашқы әскерге шақырылғандар әскерге аттанды

admin

ШЫМКЕНТ: Әкім орынбасары БАҚ өкілдерімен пресс-тур өткізді

admin