The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыда 22 елдің қатысушысы жүгіру маусымын ашты

 Алматыда қалалық әкімдіктің қолдауымен «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған Winter Run жарысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл биылғы жүгіру маусымындағы алғашқы старт. Жарыс жолына 22 елден келген 2 500 адам шықты.

Winter Run дәстүрлі түрде әуесқойлар мен тәжірибелі спортшыларды біріктіріп, жаңа маусымның символдық басталуына айналды. Биыл жарысқа 22 мемлекеттен 2 500 қатысушы тіркеліп, оның ішінде шетелден келген спортшылар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 116 адам болды.

Жоба географиясы Орталық Азия елдерін – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыды. Сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Польша, Швейцария, Швеция, Норвегия, Украина, Беларусь және Ресей азаматтары қатысты. АҚШ, Канада, Қытай, Моңғолия, Филиппин және Жаңа Зеландиядан келген желаяқтар да жарыс көркін қыздырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы балық шаруашылығын дамыту бойынша республикада көш бастады

admin

Сайрам: кезекті аппараттық мәжілісте индикаторлық жоспарлардың толық орындалуы керектігі айтылды

admin

Кентау: қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті

admin