Алматыда элиталық тұрғын үй үшін таулар мен сайлар жойылып жатыр

0

Депутат Бақытжан Базарбек Бас прокуратураға арыз түсірді. Ол Алматыдағы 74 жер учаскесінде таулардың қиылып, сайлардың толтырылуы фактілерін тексеруді талап етті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – мемлекеттік органдардың қатысуымен де, онсыз да жүргізілген менің жазғы рейдтерімнің нәтижесі. Сол кезде таулы жоталардың қиылуы және өзен жайылмалары, сайлар мен жыралардың тау жынысының қалдықтарымен, құммен және құрылыс қалдықтарымен толтырылуы сияқты шок тудыратын фактілер анықталды, – деді ол.

Аталған аумақтарда элиталық коттедждер мен таунхаустардың құрылысына арналған алаңдар дайындалуда. Алайда, Базарбектің айтуынша, ешкім табиғи экожүйелердің жойылу қаупін және опырмалар, селдер мен жер сілкіністеріне бейім аймақтардағы адамдардың өміріне төнетін қауіптерді ескеріп отырған жоқ.

Тексеру қорытындысы бойынша депутат берілген рұқсаттарды жоюға және жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға қол жеткізуді көздеп отыр. Бұл Алматыдағы Бас прокуратура мен жер ресурстарын басқару комитетіне жіберілген оның 8-өтініші және соңғы екі айдағы 15-шағымы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистің тау етегіндегі аймақтарында жаңа құрылыс салуға тыйым енгізуді тапсырған болатын.