The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматыда инфляция деңгейі бақылауда ұсталып отыр

Алматы қаласында тоғыз айдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 13,2 пайызды құрады, бұл республикалық көрсеткішке сәйкес келеді.

Қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың айтуынша, әкімдік баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және ақылы қызметтер нарығын бақылау жұмыстарын жалғастыруда.

«Біздің басты міндетіміз – инфляция деңгейін бақылауда ұстау. Бұл – бірінші кезектегі басымдық. Тамақ және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы еліміздегі ең төмен көрсеткіштердің бірін көрсетіп отыр. Негізгі мақсатымыз – бағаларды қазіргі деңгейде сақтау. Алдағы мерекелер қарсаңында бағаның өсуіне жол бермеу үшін жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар қала тұрғындары үшін тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді әкімнің орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: қала әкімі ірі жол-көлік инфрақұрылым нысандарымен танысты

admin

Түркістан облысында ауа райының өзгеруіне байланысты жолдарға бекеттер қойылды

admin

Жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салынады

admin