The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

«Медеу» мұз айдынында өткен салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, танымал спортшылар, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көк байрақты көтеру рәсімінде дәстүр бойынша әскери-оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Ту ілінген тұғырдың биіктігі – 40 метр, ал көлемі – 7×14 метр.

Еске сала кетейік, Республика күні қарсаңында қала әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады. Марапатталғандар қатарында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар бар. Сондай-ақ, Республика сарайында мерекелік концерт өтті.

Бүгін Алматыда түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Республика сарайының алдында «Атамекен» атты патриоттық акция, Жібек жолы көшесінде қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі, экологиялық бастамалар және өзге де мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған.

Бұған қоса, сағат 18:00-де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік сәулеттік жарықпен көмкеріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Тұрғын үй, материалдық көмек, бизнеске келтірілген зиян қалай өтеледі

admin

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

admin

ТҮРКІСТАН: денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары пысықталды

admin