The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматыда самокат мінген жігіт өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарды

Алматыда самокат мінген жігіт тротуарда ескерту жасаған жаяу жүргіншіні ұрып, көзінен айырды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда қайғылы оқиға орын алды: ер адам жас жігітке тротуарда самокатпен жүргені үшін ескерту жасаған. Алайда ол жауап ретінде жәбірленушінің бетіне қатты соққы беріп, көзінен айырған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында тіркелген. 

Қазір бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Тергеу аясында істің мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, — деп хабарлады қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция кінәлі тұлғаның заң аясында жауапқа тартылатынын атап өтті.

Еске салсақ, 2025 жылғы 5 қыркүйекте Алматыда мопед мінген әйел жүк көлігімен соқтығысып қаза тапқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Ел өтініші нәтижесінде Түркістанда жаңа форматты ХҚКО бөлімшесі ашылды

admin

«Астана» бас бапкердің екі жылға шеттетілуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

admin

Биыл Түлкібас кентінен заманауи балалар ойын алаңшасы мен STREET WORKOUT бой көтереді

admin