The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматыда жаңадан салынған тұрғын үй кешенін су басты

Әлеуметтік желіде алматылық тұрғын BI Group компаниясының жаңа тұрғын үйінен пәтер сатып алғанын жазған. Алайда жертөле үнемі суға толып, жағымсыз иіс шығатын мәселелер жиі туындап кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Біз BI Group компаниясының тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алып, жайлылық, сапа және сенімділікке үміт арттық. Алайда шынайы жағдай мүлдем басқаша болып шықты: қоныстанған сәттен бастап жертөледегі су басу, ылғалдылық және жағымсыз иіс мәселелерімен тұрақты түрде күресіп келеміз. Бұл проблемалар тек өмір сүру сапасын төмендетіп қана қоймай, үйдің құрылымына және тұрғындардың денсаулығына да елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Өкінішке қарай, сервис қызметіне және басқарушы компанияға бірнеше рет жүгінгенімізге қарамастан, мәселе әлі шешілген жоқ. Қызметкерлердің жауабы тек ресми формалды деңгейінде, ал нақты шаралар қабылданбай отыр, — деді тұрғын.

Видеода үйдің төменгі қабатында су тасып жатқанын көруге болады. Аталған жағдай Arena Park тұрғын үй кешенінде болған. Бұған қатысты BI Group компаниясының BI Service басқарушысы мәселеге қатысты пікір білдірген.

Апатты жағдайға байланысты кешірім сұраймыз және оның қандай қолайсыздықтар туғызғанын түсінеміз. Бүгін өрт сөндіру станциясында өртке қарсы су құбыры жарылып, бұл бағытта алғаш рет апатты жағдай болды. Соның салдарынан 5-блоктың бірінші қабаты су астында қалды. Ақпаратты бірден инженерлік қызмет мамандарына жібердік. Олар суды толық сорып алды. Қазір тек лифт шахталарында жұмыс жалғасып жатыр, — дейді компания өкілі.

Ұқсас жаңалықтар

Казинодан 4 млн теңгеден астам ұтыс ұтқан әке алименттен жалтарып жүр

admin

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ДИҚАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Елбасы Түркістанға баруға кеңес берді

admin