The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғамСаясат

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Достық даңғылы, 42/74 мекенжайындағы тұрғын үйге жапсарлас салынған жазғы алаңы бар заңсыз қосалқы құрылыс сот шешімімен сүріліп жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, бір қабатты кіреберіс қосалқы нысан мен қоғамдық тамақтану орны орналасқан жазғы алаң заңсыз салынған.

Жоспардан тыс тексеру барысында «ТАЙМАС LTD» ЖШС меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, заңсыз салынған нысан мен алаңды бұзу және ғимаратты бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берілген.

Алайда меншік иесі бұл талапты орындамаған.

Осыған байланысты басқарма нұсқама талаптарын мәжбүрлі түрде орындату үшін мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берген. Бұдан кейін ұзаққа созылған сот талқылауы өтті.

2026 жылы 11 ақпанда Алматы қалалық сотының қаулысымен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. Бүгін Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында алғашқы заманауи тірек мектебі Отырар ауданында ашылды

admin

Тұрғын үй аулаларына аяқжол салу жұмыстары

admin

Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрлыбай Қасымбековты еске алуға арналған дәстүрлі турнирдің ақтық ойындары басталды

admin