The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алты баланың анасы көкпар тартады

 

Созақ ауылдық округінде жастайынан атқа мініп, көкпар тартып, бәйгеге қатысып жүрген Адолат Алтешова есімді алты баланың анасы тұрады. Адолат 4 жасынан атқа мініпті.

–  Мен құрсақта жатқанымда анам көкпар тартып, ат үстінде еркін отырған екен. Әкем де бала күнімізден бізді атқа мінгізіп, көкпар, бәйге сынды ұлттық ойындарға тастамай ертіп баратын. Осылайша кішкентай күнімнен-ақ ат құлағында ойнадым, – деген Адолат Алтешова 13 жасында ауданда өткен бәйгеде бірінші орын алғанын еске алды.

Бүгінде ол қыз қуу мен көкпарға қатысып, көпшілікті тәнті етумен келеді. Сонымен қатар, жолдасымен бірге ағылшын тұқымдас жылқы баптайды. Оларды бәйгеге, көкпарға жаратады. Қолда бірнеше бие ұстап, қымызын сатып, кәсібін де дөңгелетіп отыр.

Мақсат ҚАРҒАБАЙ. Созақ ауданы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қала әкімі Жолдауда көрініс тапқан жеті бағытты жүзеге асатынын айтты

admin

Шымкентте «Таза қала» акциясы басталды

admin

Трансшекаралық өзендер проблемасы. Ресеймен табанды түрде жұмысты жалғастыру керек – Әшімбаев

admin