The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Арыста кісі өлтіруге тапсырыс бергендер белгілі болды

Арыста кісі өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды.

ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адамды, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушыны ұстады.

5 тамыз күні белгісіз біреулер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру басталды.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан «Сайга» қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді.

Ұқсас жаңалықтар

«Дипломмен ауылға»: Депутат жастарға 10 миллион теңге беруді ұсынды

admin

ШЫМКЕНТ: Депутаттар көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты

admin

Астанада этникалық сән апталығы өтті

admin