The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғамСаясат

Астана әуежайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі

Бүгін Астанада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында сағат 15.00 мен 20.00 аралығында елорда жағдайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды dalatimes.kz .

Іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының терроризм қаупіне қарсы жедел әрекет ету дайындағын тексеру.

Мұндай жаттығулар не үшін қажет?

Қазақстанда әр өңірде лаңкестік қауіп-қатердің алдын алу мақсатында осындай оқу-жаттығулар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Мұндай іс-шаралар:

  • Қызметкерлердің шұғыл әрекет ету дағдыларын жетілдіреді
  • Қоғамдық қауіпсіздік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді
  • Тұрғындармен байланысты нығайтады
  • Оқу-жаттығу кезінде шынайы қауіп жоқ, бірақ жағдай шынайы оқиға секілді қойылады.

Соның аясында әуежай аумағында белгілі деңгейде тыйымдар мен жаяу жүру және көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.

Осыған орай ұйымдастырушылар, яғни Терроризммен күрес жөніндегі елордалық жедел штаб азаматтарды өтіп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көзіне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ бүгін Астана әуежайының баспасөз қызметі әуежай алдындағы алаң мен кіреберіс жолдарда асфальт жабындысын жаңарту жұмыстары басталғанын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Қар мен жаңбыр: Төрт облыста жүргізушілерге ауа райына қатысты ескерту жарияланды

admin

Елге қанша қаражат қайтарылды

admin

Түркістан облысында биыл 55 сыбайлас жемқорлық қылмысы ашылды

admin