The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Астанада екі аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана берілді

 Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек маусым айының басында Астанада болған автобус апатының салдарынан екі аяғына ампутация жасалған 8 жасар Алуа Бекеннің отбасына уәде етілген баспана берілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкім Алуаның отбасымен жеке өзі кездескенін атап өтті. Оның сөзінше, әкімдік медициналық көмек көрсеткен.

Қала әкімінің мәліметінше, №1 автобус паркі жәбірленушінің отбасына шамамен 20 млн теңге төлеген. Сондай-ақ қаладағы демеушілер де қосымша қаражат берілген.

Уәде берілген пәтер де берілді. Қазір пәтерде жөндеу жұмыстары басталды. Әкімдік қазір тұрып жатқан үйді жалдау ақысын төлеп жатыр. Бала қазір мектепке барып жүр. Білім ордасы да бәрін түсініп, көмігін көрсетуде, — деп айтты әкім брифингте.

Еске салайық, кеше кешкісін Астанада Республика даңғылының бойында қала ішінде жүретін жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Алдын ала деректерге сүйенсек, автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рульді басқара алмай, бағанға соғылған.

Аталған автобус апатынан зардап шегушілердің бірінің жағдайы ауыр екені де хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: МУСОРНЫЙ ПОЛИГОН ПРЕВРАТИЛАСЬ В ЗЕЛЕНУЮ ЗОНУ ОТДЫХА

admin

Как платить из «социального кошелька» — Бахыт Султанов Все права защищены.

admin

Алматы дамуының негізгі басымдықтарының бірі цифрландыру

admin