The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Астанада «Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасы талқыланды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, кітапхана басшылары, ақын-жазушылар, баспагерлер мен ғылыми-білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Кездесуде заң жобасының мақсат-міндеттері мен негізгі ережелері таныстырылып, оның ұлттық кітап мәдениетін дамытудағы стратегиялық маңызы талқыланды. Қатысушылар баспа ісін қолдау, кітап өнімдерін тарату, оқырманның кітапқа қолжетімділігін арттыру және кітапханалардың заманауи мәдени-ағартушылық орталық ретіндегі рөлін күшейту мәселелеріне назар аударды.

Іс-шара кәсіби қауымдастықтың ұсыныстарын жинақтап, заң жобасын жетілдіруге бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда педагогтер жемқорлықтың алдын алу бойынша тәжірибе алмасты

admin

ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында 5 қабатты 47 үй салынады

admin

Ұлттық ұланның 400 әскери қызметшісі әскери парадта тағзым етті

admin