The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Астанада Конституциялық комиссияның ІХ отырысы өтіп жатыр

Астанада Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті — ІХ отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз байқағандай, Конституциялық сот қарқынды қызмет атқаруда. Комиссияның атына азаматтардан ұсыныстар әлі де келіп түсуде. Бүгін отырыс басталғанға дейін Конституциялық комиссия мүшелері жұмыс топтарында өтініштерді жан-жақты зерделеп, жаңа Конституция жобасының мәтініне мазмұндық әрі құқықтық тұрғыдан егжей-тегжейлі талдау жасады, — деп атап өтті Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова.

Сонымен қатар ол бүгінгі отырыста не талқыланатынына тоқталды.

Өткен отырыста комиссия мүшелерінің ұсыныстары тыңдалған болатын. Бүгін жазылған комиссия мүшелерінің сөз сөйлеуі жоспарланған. Сонымен қатар ұсыныстардың Конституция жобасында ескерілуі және мәтінді одан әрі жетілдіру бойынша жинақталған кесте таныстырылады, — деді Эльвира Әзімова.

Ұқсас жаңалықтар

Отанды қорғау — әрбір азаматтың міндеті!

admin

Түркістандағы президент шыршатойында балалар шаттыққа бөленді

admin

Конституциялық реформа: Сарапшы комиссия жұмысына тоқталды

admin