The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСаясат

Астанаға Сербия Президенті Александр Вучич ресми сапармен келді

Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Сербия Президентін әуежайдан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда.

Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Аким города проинспектировал ход проводимых работ по II и III этапам строительства объекта

admin

Жамбыл: жазасы жеңілдетіліп, еркіндікке жолдама алды

admin

Пенсионные активы казахстанцев превысили 21 трлн тенге

admin