The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Аяқ киімінің ішіне есірткі жасырған шетелдік азамат ұсталды

Түркістан облысында қызметтік иттің көмегімен шетелдік азаматтың аяқкиімінен гашиш табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түскен. Онда Флора атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі бергені хабарланған.

Полицейлер алған ақпарат бойынша күдік тудырған ер адамға тінту жүргізу кезінде шетелдік азаматтың аяқкиімінің ішіне жасырып алған есірткіге ұқсас зат табылды. Сараптама қорытындысында оның гашиш есірткісі екені расталды. Күдікті ер адам Өзбекстан елінің азаматы екені анықталды.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Геннадий Головкин Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға ұшып барды

admin

Есірткі, түрме, ВИЧ: «Отбасым үшін дертпен күресіп келемін»

admin

Қазақстанның бес өңірінде қалың қар, боран мен желге байланысты жолдар жабылды

admin