The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Азаматтық авиация академиясының қыздар экипажы алғашқы рейсін жасады

 Тек қыздардан құралған экипаж Тараз аэродромындағы Азаматтық авиация академиясында ұшу тәжірибесі тарихындағы алғашқы рейсін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тарихи экипаж құрамында нұсқаушы ұшқыш Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина болған. Нәзік жандылар Tecnam 2002JF бір қозғалтқышты оқу-жаттығу ұшағында аспанға көтерілді.

Негізінен кез келген басқа ұшу кезіндегідей сезімде болдым. Оқу кезінде менің де нұсқаушыларым қыздар болған еді. Осыған қарамастан, академияның алғашқы әйел экипажы болғандықтан, өзімді мақтан тұтамын. Сонымен қатар, осы тарихи оқиға тек 2024 жылы болғаны өкінішті, — деп бөліседі Аделина.

Қазіргі уақытта жас нұсқаушыға екі студент тіркелген. Бикеш оларға ұшу тәжірибесі бойы аспанды қалай бағындыруды үйректпек.

Айта кетейік, Аделина Луценко бұған дейін Испанияда Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификаттауынан өткен болатын. Ол халықаралық дәрежедегі нұсқаушы ұшқыш болып саналады.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Мәслихат депутаттары Әль-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексерді

admin

Убийство Аяжан Едиловой – назначена дата главного судебного разбирательства

admin

Казахстанские абьюзеры назвали причины бытового насилия

admin