The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бәйдібек: аудан әкімі Көктеректік тұрғындардың көкейде жүрген сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерді талқылады

Бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Көктерек ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Өзекті мәселелер бойынша тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап берді. Алдыңғы кездесулерде көтерілген мәселелердің нәтижесінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Кеңестөбе көшесіндегі апатты жағдайда тұрған электр бағаналарын зерделеп нәтижесін баяндауды, Кеңестөбе елді мекенінен өтетін КХ-1 Қошқарата-Жарықбас-Бірлік  жол бойына жылдамдықты азайту белгісін орнатуға ұсыныс беру, Ынтымақ елді мекенінің ауыз суын ретке (насос ауыстыру) келтіру жұмыстарын жүргізу, жеке кәсіпкер «Ералиева Қалдықызға» мемлекеттен бөлінетін гранттар бойынша құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын заң аясында түсіндіріп, нәтижесі баяндау жөнінде тиісті сала бойынша орынбасарлары мен бөлім басшыларына және ауылдық округі әкіміне мерзімін белгілеп нақты тапсырма жүктеді.

Кездесу барысында көктеректіктер округке көңіл бөліп, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, аудан әкіміне алғыстарын білдірді. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы А.Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары қатысты. Жиыннан кейін Ержігіт Шәріпбеков жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың жеке мәселелерін тыңдап өтініштері бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырма берді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ішкі істер саласындағы арулар марапаттарлы

admin

ТҮРКІСТАН: бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысынан, жұмысқа қайта орналасу, оқу грантына қатысты түйткілдер де айтылды

admin

Қызылорда облысының шаруалары мал азығына берілетін субсидияны әкімдіктен талап етті

admin