The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бәйдібек: спорт күні аталып өтті 20 Тамыз, 2022, 22:55

Бүгін аудандық спорт кешенінде спорт күні аталып өтті.

Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, ауданымыздың спорт саласының қызметкерлері мен спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Құттықтау сөзінде Берік Тұрлыбеков ауданымыздың спорт саласындағы жетістіктерге тоқталып,  Бəйдібек ауданының тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Қасқатай Қалабайға берілген тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушы» куәлігін салтанатты түрде табыс етті.

Еліміздің спорт саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар спорт саласының мамандарына аудан әкімі мен мәслихаттың және «Аманат» партиясының аудандық филиалының алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар бүгін спорт күніне орай аудан спорты саласындағы қызметкерлер арасында кіші футболдан және үстел тенисінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«Қауіпсіз жол» іс-шарасына қатысқан полиция подполковнигі Б.Жанаев жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді

admin

Аса ірі мөлшерде героин табылды

admin

Сарыағаш ауданында жол жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізілді

admin