The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Балалар лагерінен спирттік ішімдіктер табылды

Қостанай облысының прокуратурасы балалар лагерьлерінің қызметіне кешенді тексерулер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша балалар лагерьлерінде жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдері табылған, перспективалық мәзір қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейді, лагерь аумағында балалар үшін жарақат алу қаупі бар аймақтардың бар екені анықталды. Тіпті, шайындыларды зерттеу нәтижелері онда ішек таяқшасы тобының бактериялары бар екенін көрсетті.

Балалар лагерьлерінің бірінің әкімшілік бөлмесінде спирттік ішімдіктер табылды. Сонымен қатар, лагерь аумағында бильярд үстелі, сауна және киім ауыстыратын бөлмелері бар үй-жайлар табылды, — делінген прокуратураның хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, прокурорлар тексеруді жалғастырып жатыр. Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: қоғамдық қабылдауда өзекті мәселелер көтерілді

admin

Шымкентте әскери қызметшілер Тәуелсіздік күнін салтанатты шаралармен атап өтті

admin

Көмекке бөлініп жатқан ақша жіті қадағаланады

admin