Биыл Шымкентте 13 көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатылары жаңартылады

0

Биыл тұрғындар есебінен қайтарылатын қаржыға 13 көпқабатты тұрғын үйдегі 23 жеделсаты жаңартылады. Лифт жүйелерін модернизациялауға қажетті қаражат қаралған соң жеткізуші мердігер мекемемен келісім шарт түзілетін болады. Құжатта құрылғылардың 2 жылдық кепілдік мерзімі қарастырылады.

Істен шыққан жеделсатылардың тек бөлшектерін ғана  ауыстыру тұрғындар үшін қауіпті болуы мүмкін. Сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес лифтілерді пайдалануға рұқсат етілмейді, құрылғыларды толығымен ауыстыру қажеттігі анықталған.