The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Боран мен қатты аяз: 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 2026 жылғы 19 қаңтарға ел ы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте жаяу бұрқасынмен бірге боран соғады.

Қазақстанның қалған өңірлерінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болжанып отыр.

Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының шығысында қатты аяз -40°C сақталады. Жетісу облысында ауа температурасы -22…-27°C дейін төмендейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында -22°C қатты аяз.

Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде өте қатты аяз -45°C дейін сақталады.

Ұқсас жаңалықтар

II Халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталды

admin

Шымкентте «Қамқорлық» орталығы жүзге жуық балаға оңалту шараларын жүргізуде

admin

Тоқаев Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты бірқатар тапсырма берді

admin