Былтыр 234 мыңнан астам қазақстандық автокөлік сатып алған

2026 жылы 234 852 қазақстандық автокөлік сатып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Автокөлік одағының президенті Анар Мақашева мәлімдеді.
Одақ басшысы 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктер туралы айтты.
Осы уақытқа дейін елдегі автокөліктер саны 5,9 млн бірлікті құрады: 399,5 мыңы – 3 жылға дейінгі, 1 млн – 3–7 жыл аралығындағы, 606,6 мыңы – 7–10 жыл аралығындағы, 1,4 млн – 10–20 жыл аралығындағы, 2,4 млн – 20 жылдан асқан автокөліктер. Бұл Қазақстанда қолданыстағы автопаркті жаңартуға үлкен мүмкіндік бар екенін көрсетеді, — деп атап өтті Анар Мақашева.
Сонымен қатар ол алда Қазақстандағы автопаркті кезең-кезеңімен жаңартуды қарастырып отырғандарын алға тартты.

2024 жылдан 2025 жылға дейін сатылым көлемі 15%-ға өсті. Атап айтқанда, 2025 жылы 234,9 мың автокөлік сатылған. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 205,1 мың болған. Жаңа автокөлік пен автокомпонент өндірісі жобаларының арқасында шамамен 5 мың адам жұмыспен қамтылуы мүмкін. 2025 жылы Қазақстанда екі жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды. Олар – Алматыда Chery, Haval, Changan брендтері шығарылатын мультибрендті зауыт және Қостанайда орналасқан Kia Qazaqstan зауыты өндірісті бастады, — деді Одақ президенті.








