Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогінде топ жарды

Хорватияның Дубровник қаласында өткен Еуропа кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ұлттық құрама қоржынына бір алтын, бір күміс және бір қола медаль түсті.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Данияр Шамшаев барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дамир Болатбеков финалға дейін жетіп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

78 келіден жоғары салмақта сынға түскен Толқын Тұрсынақынова қола медаль иеленді.