The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Дархан Сатыбалды Кентаудағы жылу энерго орталығындағы жұмыстарды бақылады

Кентаудағы Жылу энерго орталығының қазандықтарын жөндеу,  жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.  Стратегиялық маңызы бар нысанның құрылысы қатаң бақылауға алынған.  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жексенбі күні кезекті рет Кентаудағы Жылу энерго орталығына барып, құрылыс барысын қадағалады. Мердігерлердің есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Одан кейін дәстүргей сай  Жылу энерго орталығында жиналыс өткізді. Жұмыстар сараланып,  кемшіліктер айтылды

Жиынға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, мердігер компания басшылығы мен жауаптылардың есептері тыңдалды. Жұмысты жылдамдату жөнінде тапсырма берілді.  Сонымен бірге әрбір қазандық сапалы болуы тиіс екені тағы да ескертілді.

Айта кетейік,  Кентаудағы Жылу энерго орталығында жыл басынан бері «ЭМ-холдинг» ЖШС «Қазандықтарды реконструкциялау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Бекітілген кестеге сәйкес №8, №11 қазандықтар бойынша жұмыстардың аяқталуы биылғы  30 тамызға, №9, №10 қазандықтар қыркүйектің екінші онкүндігіне, ал №7, №12 қазандықтардың құрылысын аяқтау 30 қарашаға жоспарланған. Сондай-ақ №5 және №6 қазандықтарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тапсырыс беруші тарапынан бақылау және уақтылы ден қою мақсатында штаб құрылған. Штабтың кеңесінде жұмыс кестесінен артта қалу, сапа бойынша ескертулер анықталады және тәуекелдер туралы алдын ала ескертіледі. Тапсырыс беруші тарапынан жабдықтар мен материалдарды жеткізу жөніндегі мердігерлік ұйым шарттарының орындалуына бақылау жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«Жүргізуші куәлігі – 500 мың теңге»: Ақтөбеліктер алаяққа алданып қалды

admin

Астанада – боран, Алматыда – тұман: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin

Қостанайда жаңа шойын құю зауыты іске қосылады

admin