The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Диагнозы бар балаларға бөлек бап қарастырылмаған — заңгер Алматыдағы оқиға туралы

Заңгер Нұргүл Мәлік Алматыда аутист жасөспірімнің 2 жасар баланы жарақаттау оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, заңымызда диагнозы бар балаларға бөлек бап қарастырылмаған.

— Алматыдағы жағдайға келсек, оны жасаған 13 жастағы баланың психикалық ауытқуы бар. Біздің заңнамаға сай қылмыстық жауапкершілікке тек 14 жастан бастап тартылады. Алайда құзырлы органдар өз тарапынан қылмыстық іс қозғады. Менің пайымдауымша, Қылмыстық кодекстің 107-бабында кәмелетке толмаған тұлға денсаулыққа нұқсан келтірсе, сол кезде ғана жауапқа тартылады, — деді ол «Jibek joly» телеарнасындағы «Бүгін LIVE» бағдарламасында.

Сондай-ақ ол бұл іске қатысты қандай жаза тағайындалуы мүмкін екенін атап өтті.

— Жоғарыда айтқандай, жасөспірім әлі кәмелетке толмаған. Сондықтан бұл жерде ата-аналар жауапқа тартылуы мүмкін. Нақтырақ айтқанда, ҚР Әкімшілік кодексіне сай айыппұл салынуы ықтимал, себебі заңда диагнозы бар балаларға арналған нақты норма жоқ, — деді заңгер.

Еске салсақ, Алматыда жасөспірім 2 жасар баланы көтеріп, жерге лақтырып жіберген.

Кейін Алматы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан Әуезов ауданында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

  

Ұқсас жаңалықтар

Дәрі бағасы жаппай қымбаттаған жоқ – Денсаулық сақтау министрлігі

admin

ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында мал шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі

admin

Еліміздің кәсіпорындарында 140 адам қаза тапты – ЕӘҚКҚК

admin