The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалық

«Дональд Трамп қайтыс болды»: Ақ үй не дейді?

АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты әлеуметтік желілерде тарап кеткен қауесеттерге байланысты америкалық шенеуніктер түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Олардың айтуынша, мемлекет басшысы бүгін таңертең әдеттегідей гольф ойнауға барған.

Трамптың жағдайы, бәрі жақсы. Ол бүгін таңертең гольф ойнап жүр, — деді Axios журналисі Барак Равидке Ақ үйдің аты-жөнін атамаған өкілі. 

Бұл мәлімет кейін X желісінде жарияланды. АҚШ баспасөзінің хабарлауынша, президент Трамп кортежбен шықпас бұрын ақ поло жейде мен қызыл бейсболка киген күйі көзге түскен. Алайда бұл сәттің суреттерін Ақ үйдің баспасөз қызметі таратқан жоқ.

Қауесеттер қайдан шықты?
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Дональд Трамптың «қайтыс болғаны» туралы хабарламалар жылдам тарап, #TrumpIsDead хэштегі X (Twitter) желісінде ең көп талқыланғандардың қатарына кірді. Ондаған мың жазба жарияланып, тақырып трендке шықты.

Алайда ресми деректер шықпады.  Сарапшылардың пікірінше, бұл — АҚШ президентінің денсаулығына қатысты бұрыннан айтылып жүрген алыпқашпа сөздер, оның орынбасары Джей Ди Вэнстің соңғы мәлімдемелері және «Симпсондар» мультсериалына байланысты әзілдер тоғысып, вирустық трендке айналған жағдай.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

admin

Жаңа бюджет жоспары: 2026 жылы кіріс артады

admin

Өртке оранған сарайдан ер адамның денесі табылды

admin