The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Досы 100 мың доллар ақша бопсалаған

Шымкенттік тұрғын өз досының құрбаны болды. Жәбірленуші полицияға арызданған.

Жас жігіттің айтуынша, әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп қорқытқан.

Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындауға тура келген. Содан  бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.

Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Ұсталған адам өзінің досы болып шықты.

Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық шаруалар наурызда қызанақ экспорттауды жоспарлап отыр

admin

Түркістан: мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

admin

Есірткі сатқан 19 жастағы екі студент қыздың үстінен іс қозғалды

admin