The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратҚоғам

Дубай бағытына рейстер 31 мамырға дейін орындалмайды

Таяу Шығыстағы шиленістің жалғасуына байланысты Эйр Астана әуекомпаниисы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты.

Орындалмайтын рейстер жолаушыларына әуекомпания әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтаруды немесе сол қызмет көрсету класында 31 шилдеге дейін ұшатын рейстеріне тегін қайта брондауды ұсынады. Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы ұшу мерзімі 31 шілдеге дейін Эйр Астана рейстеріне бағытты тегин өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.

Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды.

Әуекомпания өңірдегі жағдайды житі бақылап, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.

Ұқсас жаңалықтар

“Тұрмыстық тұтынушылар үшін емес”: Алматы электр энергиясының қымбаттауына қатысты түсініктеме берілді

admin

Қазақстан ауыл шаруашылығы цифрлық дәуірге қадам басты

admin

Шардара: Биылғы жылы шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді

admin